USD
USD
USD

Қар құрсауынан 91 адам құтқарылды

Өткен тәулікте елімізде қар құрсауынан 91 адам, оның ішінде 14 бала құтқарылды.

Қар құрсауынан 91 адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, 22 наурызда сағат 01.23-те Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданында айналма жолда ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалған жеңіл автокөліктен 7 адамды, оның ішінде 2 баланы елордаға жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. Авариялық-құтқару жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД-ның 2 құтқарушысы мен 1 техникасы жұмылдырылды. 22 наурызда Арқалық қаласында, Амангелді және Әулиекөл аудандарында ТЖД күштері автожолдарда қар құрсауында қалған автомобильдерден 32 адамды, оның ішінде 5 баланы жақын маңдағы елді мекендерге жеткізді.

Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеді. 22 наурызда сағат 14.30 – да Қарқаралы ауданында «Қарағанды – Аягөз-Бұғаз» автожолының 207 шақырымында, Қарқаралы қаласынан 7 шақырым жерде Қарағанды облысының ТЖД құтқарушылары қар құрсауында қалып қойған «Тоyоtа Carina» автокөлігінен 4 адамды құтқарып, Қарқаралы қаласына жеткізді. 22 наурызда түнгі 22-10 Ақтоғай ауданында «Ақой-Ақтоғай-Балқаш» автожолының 160 шақырымында, Қарағанды облысы ТЖД күшімен және «Берер» ЖШС қызметкерлерімен қардан тазаланған учаскеге 16 жеңіл автокөлік шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері