USD
USD
USD

Қар көшкінінен зардап шеккен шетелдік еліне эвакуцияланды

Францияның Бас консулы Алексис Шахтахтинский 13 сәуірде Алматы маңындағы тауларда қар көшкіні астында қалған Кристоф Петьоға барлық қажетті медициналық көмек көрсеткен орталық қалалық клиникалық аурухана ұжымына алғысын білдірді.

Қар көшкінінен зардап шеккен шетелдік еліне эвакуцияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Аурухананың бас дәрігері Ұлықбек Медеубеков бастаған барша ұжымға кәсіби міндеттерін адал атқарып, отандасым Кристоф Петьоға қажетті медициналық көмек көрсеткендері үшін алғыс айтамын. Сізге және аурухананың әрбір медицина қызметкеріне шын жүректен денсаулық тілеймін», – деп хат жолдапты Бас консул.

Белгілі болғанындай, қар көшкіні кезінде зардап шеккен Кристоф Петьоның өзі де дәрігер. Көптеген жарақаттарына қарамастан, ол отанына эвакуацияланды.

«Менің басымнан өте қиын әрі қайғылы оқиға өтті. Көшкін астында қалдым. Аман қалдым. Мен қазақстандық медицина қызметкерлеріне, соның ішінде орталық қалалық клиникалық аурухана ұжымына өте ризамын. Аурухананың барлық мамандарына кәсібилігі, біліктілігі үшін алғысымды білдіргім келеді» , – дейді Кристоф Петьо.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.