USD
USD
USD

Қар барыстары фотоқақпанға түсті

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағында қар барыстары фотоқақпанға түсіп қалды, - деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Қар барыстары фотоқақпанға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жақында «Көлсай көлдері» ұлттық саябағындағы фотоқақпанға қар барысы түсіп қалды. Былтыр саябақтағы фотоқақпанға Қызыл кітапқа енген жыртқыштар екі рет түсіп қалды: маусымда – екі аланы бар ұрғашы барыс, қазанда – екі барыс», – деді ведомство өкілі.

Саябақ әкімшілігінің ақпараты бойынша, оның аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлар саны тұрақты.

Қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 басы бар, әлемде жеті мыңнан аспайды. Жыртқыштың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі - фотоқақпан қолдану. Елде 150-ден аса фотоқақпан құрылған.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі