USD
USD
USD

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

17 наурыз күні 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған, деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы, NEGE. Оның қайда екені белгісіз болып, телефоны сөндірулі болған.

Іздеу жұмыстарына өтімділігі жоғары техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды.

22 наурыз таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.

Белгілі болғандай, бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалған. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осыдан кейін ат иесінен ұзап кеткен, ал ол далада жалғыз қалған. Осы уақыт бойы ол қар жеп жан сақтаған.

Қазір оқып жатыр

«Ақталмаймыз»: қызын ернінен сүйіп құттықтады делінген ер адам желіде мәлімдеме жасады

смартфон ұстаған ер адам

Тоқаев Азия ойындарында алтынынан айырылған спортшыны да марапаттады

Ясмина Тоқсанбаева

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек