USD
USD
USD

Қар құрсауында қалған лимузиннен жаңа туған сәби мен анасы құтқарылды

Павлодар облысында учаскелік инспектор қар құрсауында қалған көлікті шығаруға көмектесті. Лимузин ішінде жаңа туған сәби мен анасы болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Лимузин қар құрсауында қалды
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Бұл күндері қатты аяз бен боран болып тұр. Тәртіп сақшылары тәулік бойы патрульдеу жүргізеді, әсіресе трассаларда. Қызмет көрсетілетін аумақты патрульдеу кезінде Кемеңгер ауылының учаскелік инспекторы Қанат Әбілдинов қар құрсауында қалған лимузинді байқады.

Жүргізуші жаңа туған нәрестені анасымен бірге перзентханадан алып келе жатқанын, бірақ қарға кептеліп қалғанын айтты.

Учаскелік инспектор көлікті қардан шығаруға көмектесті, сүйреткіш арқанды көлікке байлап, шығарып алып, үйіне дейін жеткізіп салды.

Көлік жүргізушісі және оның жолаушылары учаскелік полиция қызметкеріне алғыс білдірді.

– Анасы мен шақалақ үйлеріне аман-есен жетті. Тусқандары қарсалып алды, – деді полиция қызметкері.

Қазір оқып жатыр

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол