USD
USD
USD

Қапшағайда жарылыс болды

Қапшағайда металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қапшағайда жарылыс болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәлімдеуінше, оқиға 14 наурызда болған. Жарылыс салдарынан металл сынығын саралаушы қаза болды. "Қабылдау пункті иесінің айтуынша, 13 наурызда кешке белгісіз үш адам (қазіргі уақытта ұсталған) металл сынықтарын алып келгені анықталды, металл арасында жарылмаған оқ-дәрілер болған. Оқиға дерегі бойынша тексеру жүргізіліп, барлық жағдай анықталып жатыр. Металл сынықтарын әкелгендер ұсталды", - деді Қорғаныс министрлігінде.

Бұл снарядтар "Қазақстан" жаттығу полигонынан заңсыз алынған болуы мүмкін. Онда жылына бес мыңға жуық зымыран атылады. Әр оқу кезеңінен кейін (сәуір-мамыр және қазан-қараша айларында) инженер-сапер тобының құрамы полигонды жарылмаған оқ-дәрілерден тазалап шығады. Дегенмен, жеке фрагменттер басқа жерге түсуі мүмкін.

"Қабылданған шараларға, тыйымдар мен белгілерге қарамастан, жекелеген "металл сынықтарын жинаушылар" тыйым салынған аумаққа заңсыз кіріп, оқ-дәрілер жинайды. Өз кезегінде, жинау пункттері әскери полиция органдары тарапынан жүргізіліп жатқан түсіндірме жұмыстарына қарамастан, оларды заңсыз алады", - деді ведомствода. 

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, ведомство бірнеше рет тұрғындардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін (бүлдіретін) металл сынықтарын, өзге де әскери және басқа заттарды қабылдауға тыйым салатын заңнамаға өзгертулер енгізгенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та былапыт сөз айтқан Түркістан тұрғыны жауапқа тартылды

жауапкершілік

Әлем жасанды интеллектіні қалай реттеп жатыр?

ЖИ

Трамп ХАМАС-қа қатысты «тарихи келісімге» қол жеткізілгенін мәлімдеді

Трамп

Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылындағы каникулдар кестесін бекітті

каникулдар