USD
USD
USD

Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті (видео)

Қапшағай су қоймасында Үндістаннан келген 23 жастағы студент суға батып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Қапшағайда Үндістаннан келген студент суға батып кетті (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "7 шілдеде сағат 14:50 шамасында Қапшағай су қоймасында 1999 жылы туған ер адам суға батып кетті. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенті, Үндістан Республикасының азаматы", – деп жазылған департамент хабарламасында.

Алматыдан келген студенттер тобы су қоймасының жағажайында демалған. Олар құтқарушылардың ескертулеріне құлақ аспай жағадан алыс жүзіп кеткен. Салдарынан студенттердің бірі батып кетті. Оның денесін судан құтқарушылар алып шыққан.

Еске саламыз, өткен айда Түркістан облысы Ақсу өзеніне екі үндістандық студен батып кеткен болатын. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт