USD
USD
USD

Қапшағайда суға батып бара жатқан 5 адам құтқарылды

Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасындағы №6 қалалық жағажай маңынан суға батып бара жатқан 5 жасөспірімді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қапшағайда суға батып бара жатқан 5 адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға 2021 жылдың 24 мамырында сағат 15.25-те болған. Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасын шолу кезінде №6 қалалық жағажай ауданында суға батып бара жатқан жастарды байқаған.

"Жедел құтқару жұмыстары нәтижесінде жағалауға 2002-2004 жылдары туған 5 жасөспірім шығарылды. Олардың бірі ес-түссіз күйде болған. Реанимация шараларынан кейін қыз есін жиған және жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Кейін жасөспірімдердің  Алматы қаласынан демалысқа келгені анықталды.

Алматы облысының ТЖД өкілдері суға түсу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

  • Тек рұқсат етілген жерлерде шомылу. Суға мас күйде түспеу;
  • Қатты ағысы бар тік жағалауларда, батпақты және өсімдіктер өскен жерлерде шомылмаңыз;
  • Ағысы қатты жерлерде суға түспеңіз;
  • Егер судың температурасы + 18 С төмен болса, шомылмаңыз;
  • Жүзу тақталарын, бөренелерді, үй құрылғыларын пайдаланбаңыз;
  • Жағадан алыс жерде үрлемелі төсеніш немесе баллондарда жүзуге болмайды;
  • Балаларға суға түсуге болатын жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз;
  • Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Қазір оқып жатыр

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Temu

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

жетісу

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

мас күйде көлік жүргізу

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

кәсіпкерлік