USD
USD
USD

Қапшағайда мұз жарылып, балықшының көлігі суға батып кетті

Қ

Қапшағайда мұз жарылып, балықшының көлігі суға батып кетті
Фото: NEGE.kz

апшағай су қоймасында мұз жарылып, балықшының көлігі батып кетті. Енді ескертуді елемеген балықшы әкімшілік жауапкершілікке тартылады,- деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. "1 қаңтар күні Алматы облысы ТЖД қызметкерлері Қапшағай су қоймасында балықшылармен профилактикалық жұмыс жүргізу кезінде мұз үстіне жеке автокөлігімен келген әуесқой балықшыларды байқады. Олар су айдынындағы қауіпсіздік шараларымен танысты. Алайда жүргізуші департамент қызметкерлерінің ескертуін елемеді. Кейіннен ең жақын маңдағы жағалауға бара жатқан кезде Mercedes маркалы спринтер көлігі мұз астына түсіп кетті. Жүргізуші көліктен шығып үлгеріп, аман қалды, көмек қажет болмады",- делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

ТЖД жүргізушіні ҚР ӘҚБтК 412-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартады.

Мамандар тұрғындарға су айдынынан өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

"Мұздың жұқа және әлсіз учаскелеріне көлікпен шықпаңыздар, мұз өткелдерінде балық аулауға арналған шұңқыр жасамаңыздар, мұздың жекелеген учаскелерінде топтасып жиналмаңыздар, мұздағы ойықтар мен жарықтарға жақындамаңыздар",- деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков