USD
USD
USD

Қапшағайда кафе күзетшілерін аяусыз сабаған төрт полицей жұмыстан қуылды

Алматы облысында полицейлер екі күзетшіні оңдырмай сабап тастады. Қатты соққыдан екеуі де есеңгіреп, Алматыдағы ауруханадан бірақ шыққан.

Қапшағайда кафе күзетшілерін аяусыз сабаған төрт полицей жұмыстан қуылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ал жанжалдың шығуына күзетшінің бірінің полицейлерге бар болғаны «кафе жабылады» деп айтқан ескертуі себеп болған. Бірақ бұл демалып отырған тәртіп сақшыларына ұнамай қалған.

Оқиға Қапшағай қаласындағы кафелердің бірінде болған. Кадрда кафе күзетшісін бірден бірнеше еркектің ұрып, тепкілегенін анық көруге болады. Халықтың құқығын қорғап, тыныштығын қамтамасыз етуі тиіс полицейлердің адам шошырлық аяусыз әрекетін көрген Алматы облысының полиция бастығы Серік Күдебаев қоластындағыларды бірден жұмыстан қуды. Және әр адам заң алдында бірдей екенін еске салды.  
 
"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293 бабы 2 бөлігіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталды. Олардың арасында Қапшағай полция бөлімінің қызметкерлері де болғаны анықталды. Жоғарыда атап өткен қызметкерлердің тікелей басшыларының жауапкершілігі қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қарастырылады", – деді Күдебаев. 

Қазір оқып жатыр

Қазақта жүзге кірмейтін рулар көп – тарихшы

Қазақ рулары

Діни маркетинг: қасиетті құндылық пен коммерцияның арасы қайда?

Діни маркетинг

Алматыда тұрғын үй кешенінде шыққан өрт кезінде әйел адам көз жұмды

Алматыдағы өрт

Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстары келесі жылға шегерілді

мұнай-өңдеу зауыты