USD
USD
USD

Қапшағайда екі адам құтқарылды

Балық аулаға шыққан екі жігітті Қапшағай су электр стансасының құрылыс аумағына қарай ағызып әкеткен.

Қапшағайда екі адам құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 19 қыркүйек күні сағат 14:50 шамасында Қапшағай су қоймасына балық аулауға резеңке қайықпен аттанған 2001 және 2002 жылы туған екі азаматты су ағыны Қапшағай СЭС құрылысы жағына алып кеткен.

«Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен жіберілді. Оқиға орнына келген бойда, қайық Қапшағай СЭС бөгетіне қатты ағыспен келіп, ол жерден балалар өз бетінше шыға алмағаны анықталды. Олар бөгеттің құрылысына көтеріліп, көмек күткен», - деп хабарлады ведомствадан.

Екі жас жігітті құтқарушылар жағаға жеткізіп, оларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.

Қазір оқып жатыр

Қызға талап көп, ұлға неге аз: Қазақстанда әкелер институты әлсіреді ме

отбасы, ата-ана, әке

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

мұнай бағасы

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға шақырды

Халық Кеңесі

Пашинян оппозицияны «Арменияға ҰҚШҰ бітімгерлерін кіргізгісі келеді» деп айыптады

Никол Пашинян