USD
USD
USD

Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылғаны рас па?

Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылды деген ақпаратты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

Қапшағай су қоймасынан пневмония таяқшалары табылғаны рас па?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ««WhatsApp» желісінде «Санитар эпидемиологтар Қапшағай су қоймаларынан: бассейндер, субұрқақтар және бөгендерден анализ алды. Барлығында пневмония таяқшалары табылған...» деген аудиожазба тарады.

Бұл хабарлама – фейк (расталмаған, жалған ақпарат).

«Қапшағай қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет Қапшағай су қоймасынан коронавирус инфекциясын қоздыратын заттардың бар-жоғын анықтау үшін суды талдауға алмағанын хабарлайды. Коронавирусты анықтау үшін инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікті азаматтардың және профилактикалық мақсатта адамдардың мұрнынан биологиялық материал (анализ) алынады. Сондай-ақ Қапшағай қалалық басқармасы аймақтағы су қоймаларынан жыл сайын мамыр-қыркүйек аралығында тырысқақ вибрионы, А вирустық гепатиті, энтеровирус анықтау үшін талдау алады», - делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов