USD
USD
USD

Қапшағай қаласының атауы «Дінмұхамед Қонаев» болып өзгерді

Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілетін болды.

Қапшағай қаласының атауы «Дінмұхамед Қонаев» болып өзгерді
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. 24 наурызда Қайрат Ахметтаевтың төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бибігүл Шайкенованың "Қапшағай қаласын "Дінмұхамед Қонаев деп қайта атау туралы"мәселесі жөніндегі баяндамасы тыңдалды. 
 
Шайкенова қала әкімінің атына "Қамқор жүрек" және "Қапшағай самға" Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, көп балалы аналарды "Ана сәулесі" қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық "Семей полигоны" қоғамдық бірлестігі, Қапшағай қалалық "Қапшағай қалалық полигоны" қоғамдық бірлестіктері сияқты түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен "AMANAT", "Ақ жол" партияларынан    Қапшағай қаласын "Дінмұхамед Қонаев" деп қайта атау туралы бастама қолдаухат келіп түскенін мәлімдеді.
 
Дауыс беру қорытындысы бойынша Қапшағай қаласын "Дінмұхамед Қонаев" деп қайта атау туралы бірауыздан шешім қабылданды. 
 
Айта кетейік, жария тыңдаудың хаттамасы жергілікті атқарушы және өкілді органдардың интернет-ресурстарында және "Нұрлы өлке" газетінде жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов