USD
USD
USD

Каппадокияда ту бағанасында би билеген туристке қылмыстық іс қозғалды

Түркияның танымал туристік орталығы Каппадокияда шетелдік турист түрік туы ілінген бағанада акробатикалық қимылдар жасап, би билеген. Бұл әрекет қоғамда үлкен наразылық туғызды, деп хабарлайды Hurriyet.

Ту
Фото: Видеодан скрин

Алматы, NEGE. Оқиға ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени және табиғи мұралар тізіміне енген Үчхисар қамалының төбесінде болған.Невшехир провинциясы әкімдігі туристің әрекетіне байланысты тергеу басталғанын мәлімдеді.

Әділет және даму партиясының депутаты Эмре Чалышкан бұл оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде пікір білдіріп, мұндай әрекетті қатаң айыптады.

– «Ту – біздің намысымыз, көзіміздің қарашығы. Ұлттық және рухани құндылықтарға құрметсіздікке жол берілмейді. Біз туристерді әрдайым қонақжайлықпен қабылдаймыз, алайда мұндай әрекет мүлдем қабылданбайды», – деді депутат.

Невшехирдің бас прокуратурасы Түркия Қылмыстық кодексінің 300 және 301-баптары бойынша шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу бастаған. Бұл баптар үш жылға және екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Қазіргі таңда туристің кім екені және қайда жүргені анықталмаған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.

Қазақстандықтар БАӘ-де жүргізуші куәлігін емтихансыз айырбастай алады

жолдағы жылдамдық