USD
USD
USD

«Қап, Қытайға бекер барыппын!»

Nege.kz порталының тілшісі, сатирик Қанат Ескендірдің тілінің тікені бар. Кеше таңертең басынан өткен қызық жағдайды айтып, әріптестеріміздің шек-сілесін қатырды.

«Қап, Қытайға бекер барыппын!»
Фото: NEGE.kz

Қанат жұмыс пен үйінің арасына автобуспен қатынайды. Алматының таңы белгілі ғой, ығы-жығы көлік, автобусқа сыймай, иін-тірескен жолаушылар...

– Керек автобус аялдамаға келіп тоқтағанда байқадым, ортасы біршама бостау болғанымен, кіре берісіндегі терминалдың тұсына жолаушылар кептеліп қалыпты. Онсыз да жұмысқа кешігіп келе жатқам, бұдан қалуға болмайды. Мен де кеуделей кірдім. Жұрт аяғымды басып, есіктен қайта шығарып жіберердей кимелеп барады, дереу бір қулық ойлап таптым, – дейді әріптесіміз. – Содан дауысымды қаттырақ шығарып екі рет жорта түшкіріп жібердім де, бәріне естірте: «Қап, атаңа нәлет-ай, Қытайға бекер барыппын! Түнде ғана Ухань қаласынан келіп ем!» дедім.

Сол сол-ақ екен, жұрт маған жалт қарады да, қасқырдан үріккен қойдай автобустың орта шеніне қарай жапырыла жөңкілді. Құлаққап тағып, маужырап отырған жастардың бір-екеуі автобустан түсіп қалды. Осылайша бүгін жұмысқа емін-еркін, отырып келдім, – деп, Қанатымыз кең-кеңк күледі...   

Қазір оқып жатыр

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы