USD
USD
USD

Канвон-2024: Хоккейден Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Хоккей
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE.  Хоккейден (3×3) ұлттық құрама ойыншылары жарыстың қола жүлдесі үшін өткен матчта Аустрия хоккейшілерімен шеберлік байқасып, 6:5 (4:1, 1:2, 1:2) есебімен басым түсті.

Осылайша, жерлестеріміз Канвон Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Қазақстан мен Аустрия құрамалары бірнеше күн бұрын топтық кезеңде ойнап, аса тартысты кездесу 8:9 есебімен Еуропадан келген команданың пайдасына аяқталған еді.

Канвондағы IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына келген Ұлттық құрама: Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангир Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әнуар Ахметжанов.

Бұл – Қазақстан делегациясының қоржынына түскен үшінші медаль. Осыған дейін Канвонда шаңғымен тұғырдан секіруде Илья Мизерных алтыннан алқа тақса, шорт-трекші Полина Омельчук 1000 метрге жарыста үздік үштікті түйіндеді. Қазір Қазақстан жалпы есепте 1 алтын, 2 қола медальмен 14-сатыға көтерілді.

Қазір оқып жатыр

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы

2 млрд теңгеге қатысты іс: бұрынғы вице-министрлер мен бюро басшысы сотталды

Омаров

ҚазҰУ студентінің қазасы: министр не себепті пікір білдіруге тыйым салынғанын түсіндірді

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ