USD
USD
USD

Канвон-2024: Медальдар кестесінде қай ел көш бастап тұр?

Қай мемлекет спортшылары көш бастап келеді?

Жасөспірімдер олимпиадасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан 1 алтын, 1 қола медальмен жалпы есепте 6-орында келеді.

Қазірге дейін Канвон олимпиадасының медалін 18 мемлекеттің ұлттық құрамалары алып үлгерген. Медальдар кестесінде Франция көш бастап тұр.

Франция – 4 алтын, 2 күміс, 1 қола

Италия - 4 алтын, 1 күміс, 2 қола

Қытай - 3 алтын, 3 күміс

Германия - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола

Словения – 2 алтын

Қазақстан – 1 алтын, 1 қола медаль.

Жалпы қазірге дейін 9 ел алтын, 9 ел күміс, 13 ел қола медальға ие болып үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанса , бүгін шорт-трекші Полина Омельчук қола медаль жеңіп алды. 

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев