USD
USD
USD

Канвон-2024: Классикалық шаңғыдан қыздар арасындағы дода аяқталды

Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында классикалық шаңғы жарыстарынан 7,5 шақырымдық қыздар бәсекесі мәресіне жетті, деп хабарлады Kazinform.

Канвон-2024
Фото: Сали Сабиров

Алматы, NEGE. Аталған сында Қазақстан намысын Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова қорғаған болатын. Өкінішке қарай екеуі де жүлделі орындарға іліне алмады. Виолетта Митропольская 7,5 шақырымдық қашықтықты 24:06.8 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын 25-ші болып кесіп өтсе, Милана Мамедова 27:28.8 уақыт көрсеткішімен 52-орынға табан тіреді.

Жарысқа 78 спортшы қатысты.

1-орын – Нелли - Лотта Карппелин – 22:19.6

2-орын – Франция - Агазе Маргрейзер – 22:30.1

3-орын – Франция - Аннете Коупат – 22:32.3

25-орын – Қазақстан - Виолетта Митропольская – 24:06.8

52-орын – Милана Мамедова – 27:28.8.

Естеріңізге сала кетсек, Оңтүстік Кореядағы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 5 түрінен 10 дисциплина бойынша 41 спортшы қорғап жатыр.

Биатлон, керлинг, конькимен сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша бақ сынауда.

Канвонда қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы 19 қаңтар күні тұтанған болатын. Жарыс 1 ақпанда мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ