USD
USD
USD

Қаңтардан бастап Ресейге кіру ережесі қатаңдайды

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейге кіретін шетелдік азаматтарға қатысты заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Осы өзгерістерге сәйкес, Ресейге визасыз кірген шетелдіктердің елде болу мерзімі 90 тәулікке дейін қысқарды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі хабарлады.

Кремль
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE.  Бұған дейін шетелдіктер Ресейге визасыз кіріп, 180 күн ішінде 90 күннен артық бола алмайтын. Алайда енді Ресей Федерациясына визасыз келген азаматтар 90 күннен артық бола алмайды. Елшілік осы өзгерісті түсіндіре отырып, Ресей аумағында жылына 90 тәуліктен астам уақыт бойы оқуға, жұмыс істеуге, уақытша тұруға немесе баспана алуға келген азаматтар үшін қосымша рұқсаттар талап етілетінін атап өтті.

Бұл өзгерістер тек визасыз келген шетелдіктерге қатысты. Визамен келген азаматтардың уақытша болу мерзімі бұрынғыдай сақталады.

Сонымен қатар, Ресей президенті Владимир Путин 2025 жылдың 30 сәуіріне дейін заңсыз мигранттарды елден кетуге міндеттейтін Жарлыққа қол қойды. Қалғысы келетін мигранттар Ресейдің көші-қон қызметінде тіркеліп, биометриялық және медициналық мәліметтерді ұсынуы, орыс тілін білетіндігін және Ресей тарихы мен заңнамасын меңгергендігін растайтын құжаттарды тапсыруы керек. Сондай-ақ, олар тұруға және жұмыс істеуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды ұсынуы қажет.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған шетелдіктерге ерекше жағдай жасалмақ. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы