USD
USD
USD

Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтетіні белгілі болды

Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 30 желтоқсанда аяқталды.

ҰБТ
Фото: baq.kz

Алматы, NEGE. 167 мыңға жуық адам тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп. ҰБТ 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Талапкерлер өтініш беру барысында олар тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдады.

ҰБТ барысында калькулятор, Химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі тестілеу бағдарламасында қолжетімді болады. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде шығады. ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны - 120, - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар