USD
USD
USD

Қаңтардағы ҰБТ: 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинады

Қаңтар айындағы ҰБТ-ның үш аптасында 126 мыңға жуық адам тест тапсырды. Шекті балды 72%-ға жуық талапкер жинады. Тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл 67 балды құрады. Ең жоғары балл – 138, оны Шымкент қ. оқушысы жинады. 150 талапкер 130 балдан жоғары балл жинады.

ҰБТ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тестке қатысушылардың 78,7%-ы қазақ тілінде, 21,2%-ы орыс тілінде, 62 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Талапкерлердің басым бөлігі, 17,8%-ы «Биология-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 17,2%-ы «Математика-Физика» және 10,4%-ы «Математика-Информатика» комбинациясын таңдаған. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 149 адам тапсырған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында қаңтар ҰБТ-сына 295 талапкер қатысты.

Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады, бұл жағдайда сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Қазіргі таңда 142 адамның нәтижесі жойылды. Оның ішінде 89 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 53 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетсек, 2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтар ҰБТ-сы 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Тестілеуге қатысуға 167 мыңға жуық талапкер ниет білдірген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Орталық Азия жаңа тарихындағы аса табысты кезеңді бастан өткеріп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев

Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазақстан азаматы

Сайлауалды науқанның бірінші аптасы қалай өтті: сарапшылар «Әділет» партиясының әлеуетіне қандай баға берді

«Әділет» партиясы

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі