USD
USD
USD

Қаңтарда ұрланған қару-жарақ Өзбекстан азаматынан тәркіленді

Қаңтарда ұрланған қару-жарақ Алматыда Өзбекстан азаматынан тәркіленді, деп хабарлады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қаңтарда ұрланған қару-жарақ Өзбекстан азаматынан тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Алматы қаласында 5-6 қаңтарда болған тәртіпсіздіктер кезінде қару сататын дүкендерден ұрланған қару-жарақ партиясы табылды. Алматы әуежайындағы тәртіпсіздікке қатысқан Өзбекстанның 23 жастағы азаматы ұрлық жасады деген күдікпен ұсталып, тұрғылықты жерінен 2 пышақ пен 1 пневматикалық тапанша тәркіленді», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев.

Хабарда атап өтілгендей, полицейлер оның 43 жастағы сыбайласын анықтап, ұстады.Тінту барысында пневматикалық қарудың 19 бірлігі мен оларға арналған патрондар, 10 пышақ, 1 арбалет, 6 оптикалық көзілдірік және 3 оптикалық құрылғы тәркіледі.

«Аталмыш дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктілердің басқа да сыбайластарын анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Бекиев.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық