USD
USD
USD

Қаңтарда ұрланған екі қап қару мен оқ-дәрі табылды

Қаңтар айында ұрланған автомат, граната және басқа да қарулар қоймаға жасырылған. Бұл туралы Алматы полициясы айтты, деп хабарлады Polisia.kz.

Қаңтарда ұрланған екі қап қару мен оқ-дәрі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлері мен Алматының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тапты.

Түрксіб ауданындағы Гете көшесінде екі қап қару мен оқ-дәріні анықтады. Барлығы қару-жарақ пен оқ-дәрілердің 20-ға жуық түрі бар: оның ішінде Калашников автоматы, "Штурм" бес рет оқталатын ұңғылы шолақ мылтығы, 9 мм калибрлі газ револьвері, екі граната, әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон. Оларға сараптама тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт