USD
USD
USD

Қаңтарда президент сайлауы өтеді

Қырғызстанда мерзімінен бұрын президенттік сайлау  2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. 

Қаңтарда президент сайлауы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Мұндай шешім Орталық сайлау комиссиясында қабылданды.

Бұл туралы «Кабар» агенттігіне ОСК төрағасының орынбасары Әбдіжапар Бекматов мәлім еткен.

Отырыс барысында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова мәлім еткендей, президенттің отставкасынан кейін елде мерзімінен бұрын сайлау үш ай ішінде өтуі тиіс.

Қырғызстан заңына сәйкес, егер Парламент президенттің өкілеттігі тоқталығаннан кейін бір апта ішінде кезектен тыс президенттік сайлауды белгілейтін болса, онда келесі күні сайлау ресми тағайындалған болып есептеледі.

Осыған орай, сайлауды 2021 жылдың 10 қаңтарында өткізу ұсынылды.

«ОСК мүшелері ұсынысты қолдады», – деді Бекматов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy