USD
USD
USD

Қаңтарда оққа ұшқандардың туыстары Ақорда маңында үшінші түн қонып шықты

Қаңтарда оққа ұшқан жақындарын ақтауды және оқиғаны әділ тергеуді талап еткен топ 14 шілдеге қараған түні Ақорда маңында тағы қонып шықты, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Қаңтарда оққа ұшқандардың туыстары Ақорда маңында үшінші түн қонып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олардың ашық аспан астында қонып жүргеніне үш күн болды. Бір күн бұрын Ақордаға бармақ болған кезде полиция оларды бөгеп, Ақорданың екінші қақпасының маңында қоршап, жылжытпай тастаған.

Наразылардың бірі Бақытжан Шыңғысбековтің сөзіне қарағанда, оларды қолдағасы келген немесе қатарына қосылған келген жұртты полиция алыстан қайтарып жатыр.

"Астананың белсенділері, көп балалы ата-аналар келіп жатыр. Бірақ оларды бізге өткізбей жатыр. Қазақстанның түрлі өңірінен хабарласып, қолдап жатқандар көп" деді ол.

Қаңтар оқиғасында қаза болған азаматтардың туыстары мен оқиға кезінде азапталған, қазір түрлі баптар бойынша күдікке ілінген азаматтар бұған дейін де тергеу амалдарына наразы болып, билікке талап айтқан. Билік өкілдері "кімнің кінәлі-кінәлі еместігін тергеу органдары анықтайды" деп мәлімдеген. Осыған дейін оқиға кезінде азапталған азаматтар азаптау бойынша қозғалған істердің сылбыр жүріп жатқандығына шағымданған.

  • Биыл қаңтардың басында Қазақстанның бірнеше аймағында бір мезгілде жаппай наразылық пайда болып, соңы қантөгіске ұласқан еді. Қаңтардың бесіне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "ескертусіз оқ атуға" бұйрық берген болатын.
  • Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасында 232 адам қаза болған. Бұған қоса, оқиға кезінде ұсталған тағы алты адамның тергеу изоляторында өлгені ресми хабарланған. Билік қаза болғандардың аты-жөні мен қандай жағдайда қаза болғаны жайлы әзірге ақпарат жариялаған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу