USD
USD
USD

Қаңтар трагедиясы: Күдіктілерден 107 млн теңгенің мүлкі тәркіленген

  ҚР Ішкі істер министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қолды болды делінген 107 млн теңгенің мүлкі тәркіленгенін мәлім етті.

Қаңтар трагедиясы: Күдіктілерден 107 млн теңгенің мүлкі тәркіленген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «1 ақпанда Қызылордадағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ломбардтардың бірінен ұрлыққа түскен екі тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардан 160-тан астам алтын бұйым алынды. Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде «Іскер Ломбард» ұйымына 41 миллион теңге шығын келген. Сол тонауға қатысқандардың бірі ұсталды. Күдіктіден ұрланған заттардың бір бөлігі алынды. Оның кінәсін дәлелдейтін бейне жазба бар», - делінген министрліктің мәліметінде. Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сенсек, тәртіпсіздік кезінде ұрланды делінген 107 млн теңгенің мүлкі қайтарылған.

«Оның ішінде 8 автокөлік, 360-тан астам тұрмыстық техника, 200-ден астам зергерлік бұйым, 460 киім, 238 ұялы телефон, 15,5 млн теңге болатын қолма-қол ақша тәркіленді. Ұрлық пен тонау, оның ішінде қару ұрлау фактілері бойынша 322 күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында басты назар істің мән-жайлары мен күдіктілердің уәждерін мұқият тексеруге, дәлелдемелерді жинауға аударылады», – деп жазады Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Ресейде Қазақстаннан жеткізілген көліктер үшін 1 млн рубльге дейін қосымша төлем талап етілуде

утильалым

Францияда аптап ыстықта көлікте қалған екі бала көз жұмды

Аптап ыстық

Бурабайдағы Көкшетау тауына шығуға уақытша тыйым салынды

Бурабай

Тасымалдаушының «көмегіне» жүгінген алматылық 60 млн теңге шығынға ұшыраған

алаяқтық