USD
USD
USD

Қаңтар трагедиясы: Алматы тұрғындары қару сатпақ болғандарды полицияға ұстап берген

  Ішкі істер министрлігінің арнайы мамандары қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар адамдардың тұлғасын анықтау үшін оқиға орындарында алынған саусақ іздерін зерттеп жатыр. 

Қаңтар трагедиясы: Алматы тұрғындары қару сатпақ болғандарды полицияға ұстап берген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты. «Қазір ІІМ-нің криминалистері алынған іздер бойынша қылмыскерлердің жеке басын анықтап жатыр. Тергеушілер 15 мыңнан астам тергеу әрекетін жүргізді. Оның ішінде жәбірленушілерден, куәлар мен күдіктілерден жауап алу, беттестіру, қарап-тексеру, тінту және тағы басқа шаралар орындалды. Тергеу органдарына дәлелдемелерді жинауға және құқық бұзушыларды ұстауға көмектесетін азаматтарға ерекше алғысымды білдіремін», – деді Санжар Әділов.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарына осы бағытта көмек көрсеткен алматылықтардың батыл әрекетіне жеке тоқталды. «Мәселен, Алматы облысындағы елді-мекендердің бірінде тұрғындар ұрланған қарудың 6 данасын сату әрекетінің жолын кесіп, полицияға тапсырды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер қамауға алынды. Олардың Алматыдағы әуежай ғимаратындағы сауда объектілерін тонауға да қатысы бар екені анықталды», – деді ІІМ өкілі.

Қазір оқып жатыр

Бүгін Қазақстанда 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады

алғашқы қоңырау

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары