USD
USD
USD

Қаңтар суық бола ма?

  Синоптиктер 2020 жылдың қаңтарында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қаңтар суық бола ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Консультациялық болжамға қарағанда, қаңтар айының бірінші онкүндігінде республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ, солтүстік жартысында боран және жел соғады деп болжанған. «Бірінші онкүндіктің ортасында күн суытады деп күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 5-15 градусқа дейін төмендейді, солтүстік жартысында 10-25 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік жартысында суықтың толқыны онкүндіктің соңына шығып, 3-11 градус аяз болады.​«Кезекті екі суықтың толқыны екінші және үшінші онкүндікте болады.

Ауа температурасының едәуір төмендеуін айдың үшінші онкүндігінде күту керек. Солтүстік жартысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20, кей жерлерде 10 аяз, оңтүстік жартысында түнде 17-22, кей жерлерде 12, күндіз 10-15, кей жерлерде 5 аяз болады», –  делінген синоптиктердің хабарламасында. Жалпы, қаңтар айында орташа ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады, тек республиканың батысы, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде нормадан жоғары болады деп күтіледі.​Еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады деп болжануда. Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, қалған аумақтарда климаттық нормадан артық.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов