USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасындағы азаптау: ҰҚК-нің 11 қызметкеріне үкім шығарылды

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің он бір қызметкеріне үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаңтар оқиғасындағы азаптау: ҰҚК-нің 11 қызметкеріне үкім шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы сотында 2022 жылғы қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталған ҰҚК-нің 11 қызметкеріне қатысты үкім шығарылды.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) бұрынғы жеті қызметкері үш жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Тағы үшеуі шартты жаза алды, ал біреуі ақталды, деп жазады "Азаттық радиосы".

"Ең аз мерзім – үш-бес жыл. Ең басты ұйымдастырушы Жұмановты сот ақтады. Үшеуіне шартты түрде жаза берілді. Бұл – "гестапо” бөлмесінде ұрып-соғып, жұдырықтасқандар. Біз үкіммен келіспейміз және оған шағымданамыз. Өте әділетсіз үкім!"- деді адвокат Жуаспаева.

ҰҚК-нің қызметкері Жұманов үкім жарияланғаннан кейін түсініктеме беруден бас тартты.

Алматы әуежайындағы азаптау туралы іс осы жылдың 15 ақпанында сотта қарала бастады. Барлығы ҰҚК департаментінің 11 қызметкерлері айыпталды. Ал 54 адам жәбірленуші ретінде тартылды.

ҰҚК қызметкерін өлтірді деп айыпталушыға үкім өзгеріссіз қалды.

Бұған дейін Тараздағы қаңтар оқиғалары бойынша апелляциялық сот сотталушылардың қатысуынсыз өтіп жатқаны хабарланған болатын. Ербол Жұмановтың адвокаты Жалғас Сапарханова бірінші сатыдағы сотта оның қорғаушысының кінәсі дәлелденбегенін мәлімдеді. Сондай-ақ, қорғаушы сот процесінде елеулі бұзушылықтарға назар аударды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар