USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасындағы 41 іс бойынша үкім шығарылды

Алматы соттарына қаңтар оқиғасына қатысты 82 қылмыстық іс түсті, деп хабарлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Қаңтар оқиғасындағы 41 іс бойынша үкім шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2022 жылдың 5 наурызындағы жағдай бойынша, Алматы қаласы соттарында 41 іс қаралып жатыр, 41 іс бойынша үкім шығарылған. Қалалық сот мәліметінше, істер ҚР ҚК-ның 188-бабы 3-бөлігі "Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық" бойынша қаралып жатыр, екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. \

Істердің басым бөлігі Алматы және Әуезов аудандарының қылмыстық істер жөніндегі сотына түскен. Ең жеңіл жаза 187-бап "Ұсақ-түйек жымқыру" бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде, ал ең ауыр жаза - 188-бап "Ұрлық" бойынша 2,5-4 жылға бас бостандығын шектеу.

Сотта тонаушылар істеген ісіне өкініп, келтірілген шығынды өтегені айтылды. Сот үкім шығару кезінде осыны ескерген.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet