USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасында қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару табылды

Қаңтар оқиғасында қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару Алматыдағы үш арнайы іс-шара кезінде тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар оқиғасында қару-жарақ дүкендерінен ұрланған 13 қару табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арнайы іс-шараны ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті өкілінің басшылығымен КПБ арнайы тобының қызметкерлері жүргізді. Полицияның арнайы жасақтары осы жылдың қаңтар айында қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқан алты күдіктіні залалсыздандырды. Жедел мәліметтерге сәйкес, қаскөйлер қарудың бір бөлігін сатып үлгерген, екінші бөлігін жасырып қойған. Қаруды тығып кеткен орын табылды.

Оларды қаланың әртүрлі бөліктеріндегі қаңырап бос жатқан жерлерге жасырған. Қоймалардан оптикалық көздеуіштер және басқа да аңшылық құралдары табылды. Тәркіленген қаруға сараптама тағайындалды.

Қылмыстық істерді Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы тіркеді.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері