USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасында бүлінген көліктерге өтемақы төленді

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген автокөлік иелеріне шамамен 567 млн теңге төленді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі. 

Қаңтар оқиғасында бүлінген көліктерге өтемақы төленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған 143 өтінім келіп түсті. Олардың барлығы қолдау тауып, жалпы сомасы 566,7 млн теңге берілетін болды.

Өтініштерді аудан әкімдіктері келіп түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Мүлікке келтірілген залалды бағалау өтініш тіркелген күннен бастап 7 күн мерзімде белгіленеді және оны зардап шеккендер таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов