USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасында ауыр жарақат алған полицей мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Қаңтар оқиғасында ауыр жарақат алған полицей мемлекеттік сыйлыққа ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар оқиғасында ауыр жарақат алған полицей мемлекеттік сыйлыққа ие болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен өзінің қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны, сондай-ақ қалада заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Алматы қаласы Әуезов аудандық ПБ-ның учаскелік инспекторы Ғазиз Нұрғалымов 2-дәрежелі "Айбын" медалімен марапатталды. Тәртіп сақшысына мемлекеттік сыйлықты Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров табыс етті.

– Біріншіден, сіздерге, Ғазиздің ата-анасына, лайықты ұл тәрбиелегендеріңіз үшін барша ұжым атынан мың алғыс. Мен бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен мемлекеттік сыйлықты табыстау үшін арнайы миссиямен келдім. Ғазиздің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біз алдағы уақытта да қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Алматы полициясының басшысы.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті