USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасына тәжік азаматтары қатысқан жоқ – Тәжікстанның бас прокуратурасы

 Тәжікстан Республикасының бас прокуратурасы Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерге тәжік азаматтарының қатысқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Қаңтар оқиғасына тәжік азаматтары қатысқан жоқ – Тәжікстанның бас прокуратурасы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚазАқпарат «Ховар» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. «Қылмыстық-процессуалдық заңнамаға сәйкес, алдын ала тергеу процесінде айғақтар жиналады, оған күдіктінің жеке басын, денсаулығы (наркологиялық немесе психо-неврологиялық диспансерде тіркеуде болуы), тұрмыстық жағдайы, тұрғылық мекенжайы, сипаттамалық мағлұматтарын және т.б. анықтау кіреді.

2023 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша Тәжікстан Республикасының бас прокуратурасына Қазақстан Республикасының бас прокуратурасынан қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету немесе осы сипаттағы кез келген ақпарат сұратылмады.

Осы орайда, Тәжікстан Республикасының бас прокуратурасы Тәжікстан Республикасы азаматтарының Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны туралы ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарады», - делінген ТР бас прокуратурасының баспасөз релизінде.

Айта кетсек, 5 қаңтар күні Мәжіліс отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қаңтар оқиғасы кезінде шетелдік азаматтар жаппай тәртіпсіздікке қатысу және басқа қылмыстар бойынша күдікті болып танылғанын айтқан еді. «Оның ішінде Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары бар», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тұрсын Алагөзов

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

.

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

мұғалімдердің жеке дерегі