USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасына қатысты ұсталғандар көбіне ұрлық фактісімен сотталды

107 күдіктіге қатысты қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаңтар оқиғасына қатысты ұсталғандар көбіне ұрлық фактісімен сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Ішкі істер органдары тергеушілері тарапынан қаңтар оқиғалары бойынша 107 күдіктіге қатысты (88 қылмыстық іс) қылмыстық істер айыптау актілерімен аяқталды. Бұл істердің де негізгі бөлігін ұрлықтар - 65, қаруды заңсыз сақтау фактілері – 11, оларды ұрлау – 7 және өзгелер қылмыстар құрайды», - деді С. Әділов Орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, сотқа 86 айыпталушы берілді.

«Бүгін елімізде соттар жеке басын және жасаған қылмыс ауырлығын ескере отырып, 52 адамды соттады. Олардың 39-ы бас бостандығын шектеуге, 13-і бас бостандығынан айыруға, ал 2 адамға қатысты тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды», - деді С. Әділов.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама