USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасын қаржыландырған күдікті қолға түсті

Шымкентте қаңтар оқиғаларын қаржыландырды деген күдікпен бір азамат тұтқындалды. Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты.

Қаңтар оқиғасын қаржыландырған күдікті қолға түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Шымкентте С. есімді азамат жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырды, арматура, тас пен Молотов коктейлін жеткізуді ұйымдастырды деген күдікпен тұтқындалды. Бұл заттар 5 қаңтарда қала әкімдігі мен полиция департаментіне шабуыл кезінде қолданылған. Сонымен қатар Шымкент алаңында тәртіпсіздікке қатысқан 52 азамат анықталды, 12 арандатушы бейне бақылау жазбасы арқылы анықталды", - деді Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. 

Жамбыл облысында 18-31 наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы мен тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан 140 азамат тұтқындаоған. Сонымен қатар бұл аймақтағы ұйымдасқан қылмыстық топтың 2 көшбасшысы қамауға алынған.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер