USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы: Ұсталғандардың арасында тыйым салынған 46 экстремистік ағымның мүшелері анықталды

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Килымжанов тергеу барысы кезіндегі көрсеткіштерді жария етті.

Қаңтар оқиғасы: Ұсталғандардың арасында тыйым салынған 46 экстремистік ағымның мүшелері анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұсталғандардың арасында 41 ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері, 126 адам адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін соттылығы бар. Барлық шабуылдар жасау мен оларға қатысушы адамдар бойынша олардың аталған қылмыстарға қатыстылығы жөнінде дәлелдемелер бар. Тергеу сатысында 344 адамға қатысты 296 қылмыстық іс бар. Олардың ішінде қамауда – 136, үйқамақта – 7, ешқайда кетпеу туралы қолхатта – 144 адам, кепілде – 17, жеке кепілгерлік – 2 және қамауға байланысты емес өзге де бұлтартпау шаралары. Қамауға алынғандардың арасында 46 тыйым салынған экстремистік ағымдардың мүшелері бар. Барлық қамауға алынғандарға қорғалу құқығы, санитарлық нормалар, тамақтану, дәрі-дәрмек және ұстаудың тиісті жағдайлары қамтамасыз етілуде», - деді спикер. 

Жеке мәліметтерін, денсаулық жағдайын және сипаттайтын факторларды ескеріп, 284 адамның қамауға алынуы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепіл, үйқамаққа және жеке кепілгерлікке ауыстырылды.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев