USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы студенттердің «Қазақстан тарихы» пәніне енгізілді

ЖОО студенттері Қаңтар оқиғасын «Қазақстан тарихы» пәнінен оқитын болады.

Қаңтар оқиғасы студенттердің «Қазақстан тарихы» пәніне енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі «Қазақстан тарихы» пәнінің үлгілік оқу жоспарын бекіту туралы бұйрыққа қол қойды.

Пән бойынша оқу ұзақтығы 150 академиялық сағатты (бес академиялық кредит) қамтиды. 

Пәннің мақсаты – Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейінгі дамуының негізгі кезеңдері туралы тарихи білім беру.

Оқыту процесінде келесі оқыту әдістері мен технологиялары қолданылады:

– интерактивті және цифрлық технологиялар;
– жобаны оқыту әдістері;
– проблемалық оқыту технологиясы;
– геймификация.

Бағдарлама бес тақырыптық блоктан тұрады:

– Ежелгі адамдар және көшпелі өркениеттің қалыптасуы;
– Түркі өркениеті және Ұлы дала;
– Жаңа дәуірдегі Қазақстан (XVIII – ХХ ғ. басы);
– Кеңестік кезеңдегі Қазақстан;
– Тәуелсіз Қазақстан.

Тәуелсіз Қазақстан туралы бөлімге Қаңтар оқиғасы, Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» халыққа Жолдауы, ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыхалықтық референдум, Ұлттық Құрылтайдың құрылуы енді. 

Бұйрық 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазір оқып жатыр

«Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілерді бопсалаған»: Шымкентте блогер ұсталды

Шымкенттегі блогер

Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке үкім шықты

Қамшыбек Ташиев

«Қазселденқорғау» үш облыста сел жүруі мүмкін екенін ескертті

сел

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова