Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Қаңтар қырғыны: Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 15 адамның ісі қаралып жатыр

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов «Билікті күшпен басып алмақ болған» деген бап бойынша 15 іс қаралып жатқанын мәлімдеді.

Қаңтар қырғыны: Мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 15 адамның ісі қаралып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нұрдәулетов Тоқаевқа бүгінге дейін 3070 қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады. Оның 2710-ы ішкі істер органдарымен тексерілуде. Бас прокурор хабарлағандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны туралы азаматтардан түскен хабарламалар бойынша 173 іс жүргізуде.

ҰҚК мемлекетке опасыздық жасады, билікті асыра пайдаланды және билікті басып алмақ болды деген айыптар бойынша 15 істі қарап жатыр. Арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық тергеу тобы тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттерге қатысты 179 істі қарауда.

Сонымен қатар тәртіпсіздіктің шарықтау шегінде кеңсе ғимараттарын тастап кеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеу жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шабуылдардан кейін Новороссийск портында қазақстандық мұнай қайта тиеле бастады

мұнай

Қазақстанда соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтық саны төмендей бастады

Интернет-алаяқтық

Аутизмді «емдейміз» деп ақша алады: Қазақстанда мұндай орталықтарды кім бақылайды?

.

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада