USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы кезінде Дикий Арманның қандай қылмыс жасағаны белгілі болды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеді.

Қаңтар оқиғасы кезінде Дикий Арманның қандай қылмыс жасағаны белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінге қылмыстық ортадағы тұлғалардың белсене қатысқаны шынайы белгілі. Қылмыстық ортада кеңінен танымал «дикий Арман» лақап атты Джумагелдиев пен оның сыбайластарының рөлі ерекше. 6 қаңтарда оның қылмыстық тобына қатысушылардың бірімен Алматы  қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйіне келген қылмыскерлерге «Glock» және «Макаров» маркалы тапаншалары таратылды. Осы уақытта қаруланған қылмыскерлер ұйымдастырушы мен оның қарамағындағы адамдардан тиісті нұсқаулар алды. Олар серіктестерін 10 адамнан тұратын топтарға бөліп, жоспарланған қылмыстарындағы рөлдерін анықтады. Іштерінен «басшылары» тағайындалып, оларға бронежилеттер, бастарына арналған қорғаныс құралдары, атыс қаруы және 200 мың теңге ақша қаражаты берілді. Қатардағы серіктестеріне суық қаруларымен, дубинка және денеге зиян келтіруге болатын басқа заттармен қарулану тапсырылды. Ерекше белгі ретінде барлық қатысушылардың сырт киімінің жеңіне ақ мата таққан. Аталған қарулы қылмыскерлер топтары қаланың әртүрлі нүктелерінен 24 азаматты ұрлап, оларды ұрып-соғып, «Ritz Carlton» және «Қазақстан» қонақ үйлерінің паркингтерінде ұстаған. Кейіннен, жәбірленушілер қала шетіне жеткізіліп, қылмыскерлердің қарулы күзеті қойыла отырып, металл контейнерге орналастырылды. Дене жарақатын келтіру нәтижесінде жәбірленушілердің бірі қайтыс болды. Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін 40 күдікті тұлға қамауға алынды», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция