USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы: Кейбір арыз иелері азаптаулар туралы шағымдарды қорғану мақсатында қолданған

Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында азаматтардың құқықтарының сақталуына және заңдылықты қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Барлық тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.

Қаңтар оқиғасы: Кейбір арыз иелері азаптаулар туралы шағымдарды қорғану мақсатында қолданған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол бірқатар қызықты деректерге тоқталды. «Тергеу нәтижелері кейбір арыз иелерінің азаптаулар туралы шағымдарды қорғану мақсатында және оған қатысты дәлелдемелерді жол берілмейтін деп тану үшін қолданатынын көрсетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас Прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады.

«Мысалы, Жамбыл облысында 5 қаңтарда «Б» есімді азамат адамдар тобымен мемлекеттік объектілерді өртеген, одан кейін Полиция департаментінен «Калашников» автоматын, «Макаров» тапаншасын, 2 аңшылық қаруды және 3 травматикалық тапаншаны жымқырған. Оның бұл қылмыстарға қатыстылығы бейнекамера жазбаларымен, куәлердің жауаптары және істің басқа да материалдарымен расталады. Ұсталғаннан кейін одан полиция қызметкерлері тарапынан азаптаулар жасалғаны туралы арыз түсті. Бұл факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен тәуелсіз адвокаттың қатысуымен тергеп-тексеру жүргізілді. Стамбул хаттамасы сияқты азаптауларға қарсы адам құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес, психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізілді. Мамандар жәбірленушінің психоэмоционалды жағдайы толық зерттеді, оның нәтижелері бойынша тергеу органдарымен оған қандай-да бір психологиялық қысым көрсетілмеген», - деді спикер. 
Тергеу нәтижесімен қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы