USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы бойынша ҰҚК-нің 11 қызметкері жауапқа тартылды

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 11 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады ведомство төрағасының орынбасары Марат Көлқобаев.

Қаңтар оқиғасы бойынша ҰҚК-нің 11 қызметкері жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәжілістің жалпы отырысында Комитет төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев комитет құрамында тиісті тексеру жүргізілгенін айтты.

– Қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК ауқымды қызметтік тексеріс жүргізді. Осы орайда бұйрық талаптары мен қызметті атқару тәртібіне, оның ішінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты елеулі өзгерістер енгізілді. Мұнымен қоса, бүгін талқыланып жатқан заң жобасында әр қызметкер іс-әрекетінің белгілі бір алгоритмі мен патриотизмді тәрбиелеуге бағытталған тиісті түзету көзделген, – деді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қаңтар оқиғасы бойынша қылмыстық қудалауға байланысты 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кейбір істер бойынша тергеу аяқталды, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны