USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі қашан жарияланады?

Әділет министрі Қанат Мусин бір реттік рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі Парламент заң қабылдағаннан кейін белгілі болатынын мәлімдеді.

Қаңтар оқиғасы бойынша рақымшылыққа ілігетіндердің тізімі қашан жарияланады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Депутаттар құжатта бұл құқықты кімдер пайдаланатынын нақты көрсетеді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қаңтар оқиғасы кезінде ауыр қылмыс жасамаған азаматтарға бір реттік рақымшылық жасау бастамасын көтерген болатын.

“Тізім әлі жоқ. Рақымшылық туралы заңды Парламент қабылдайды. Қандай қылмыс түріне, кімдерге жеңілдік болатыны құжатта көрсетіледі. Осы заң жарияланып, күшіне енгеннен кейін ғана тұлғалар анықталады”, – деп мәлімдеді Қанат Мусин.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити