USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы бойынша 717 адам сотталды

Қазақстанда қаңтар трагедиясы бойынша 717 адам сотталды, деп хабарлады бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Қаңтар оқиғасы бойынша 717 адам сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жыл басынан бері Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін прокурорлар күшін «қаңтар трагедиясының» себептері мен егжей-тегжейін анықтауға, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен белсенді қатысушыларын анықтауға бағыттады. Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды, 717 адам сотталды», - деп хабарланды Бас прокуратураның алқа отырысында.

Ведомствода нақтылағандай, үкім жаппай тәртіпсіздік жасау, ұрлық, тонау, қаруды сақтау және алып жүргені үшін шығарылған.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт