USD
USD
USD

Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура тұтқындалғандардың портретін жасады

 Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғандардың дені – жоғары білім мен тұрақты жұмысы жоқ жастар.

Қаңтар оқиғасы: Бас прокуратура тұтқындалғандардың портретін жасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығы орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді. Бас прокуратура Алматы қаласында тұтқындалған барлық адамның жеке тұлғасын зерделеп, портретін жасаған.

«Олардың көбі – жоғары білім мен тұрақты жұмысы жоқ 30 жасқа дейінгі жастар. Анонимді сауалнама барысында әрбір үшінші бүлікші жағдайды пайдаланып, бөтен мүлікті ұрлау арқылы пайда тапқысы келгенін мойындады», – деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

16 ақпандағы жағдай бойынша Бас прокуратура, ІІМ, ҰҚК және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеп жатқан қылмыстық істер бойынша 741 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр.

Олардың қатарында бұған дейін сотталған 113 адам, тыйым салынған экстремистік қозғалыстардың 42 қатысушысы және ұйымдасқан қылмыстық топтардың 24 мүшесі бар.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық