USD
USD
USD

Қаңтар қырғынында ұрланған 1480 қару табылды

Полиция ұрланған 1 480 қаруды тапты. Оның ішінде 142 қару-жарақ ерікті түрде тапсырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты.

Қаңтар қырғынында ұрланған 1480 қару табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Прокуратура мен ішкі істер органдары өкілдерінің түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде, бүгінде 142 қару-жарақ ерікті түрде тапсырылды. Бұл ретте, ұрланған қаруды табу мен тәркілеу бойынша жедел-профилактикалық және іздестіру іс-шаралары жалғасып келеді. Қазіргі кезде еліміздің полицейлері 1480 қару мен 35 мыңнан астам оқ-дәріні тапты», – деді С. Әділов орталық коммуникациялар қызметінде.

Оның айтуынша, биыл 6 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктер барысында Алматы қаласы Рысқұлов көшесіндегі «Охотник KZ» қару-жарақ дүкенінен жұмыс істемейтін жергілікті тұрғын екі ойық ұңғылы мылтық пен 7,62 мм калибрлі патрондарды ұрлаған. Ұрланған қару мен патрондар тәркіленіп, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Биыл 21 сәуірде Тараз қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынды ұстады. Одан 6 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің ғимаратынан ұрланған 9 мм калибрлі патрондары бар Макаров тапаншасы тәркіленді. Ол күдікті де соттың санкциясымен қамауға алынды», – деді Тергеу департаментінің басшысы.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер