USD
USD
USD

Қаңтар қырғынында 3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші жарақат алған

Ішкі істер министрлігі полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде неліктен қару қолданғанын түсіндірді.

Қаңтар қырғынында 3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші жарақат алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Министр Марат Ахметжанов 19 қызметкер қаза тапқанын атап өтті. 

«3 мыңнан астам полиция мен әскери қызметші жарақат алды. Көптеген қызметкер әлі де ем алып жатыр. Біразы денсаулығына байланысты болашақта қызметтерін жалғастыра алмайды. Сондықтан, қызметкерлер төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аясында қару қолдануға мәжбүр болды», – дейді министр Мәжіліс отырысында. 

Ахметжанов қару қолдану "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 61-бабына сәйкес жүзеге асқанын айтады.

Оның ішінде:

- азаматтарды қорғау;

- қызметкерлерге және күзету объектілеріне жасалған шабуылға тойтарыс беру;

- қару мен арнайы көліктерді басып алуға жол бермеу;

- және қарулы адамдарды ұстау мақсатында қолданылды.

Одан бөлек, бүгінде полицияның тергеуінде 2 919 қылмыстық іс бар. 1 мыңнан астам күдікті қылмыстық жауаптылыққа тартылып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бейбіт Құсайынов: Қазақстанда екінші орын алсаң, «бірінші орын алдым» деп есептей беруге болады

Бейбіт Құсайынов

Алматы метросында колледж студентінен оқ-дәрі табылып, қылмыстық іс қозғалды

Оқ

Тоқаев әскерге шақыру мен ант қабылдауды ерекше салтанатпен өткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100%-ын сенімгерлік басқаруға бере алады

Зейнетақы жинағы