USD
USD
USD

Қаңтар қырғыны: Türk Hava Yolları басшысы НЕГЕ қызметінен кетті?

Türk Hava Yolları әуе компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Илькер Айчи Қаңтар оқиғасы кезінде қызметкерлерін Алматыға тастап, әйелі екеуі Түркияға кетіп қалғаны үшін қызметінен босатылды.

Қаңтар қырғыны: Türk Hava Yolları басшысы НЕГЕ қызметінен кетті?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Илькер Айчи қаңтар оқиғасы кезінде әйелі Тугче Саатман Айчи екеуі Алматыда жүрген. 7 қаңтарда Илькер Айчи әйелі екеуі Türk Hava Yolları компаниясының жүк ұшағымен Түркияға қашып, компания қызметкерлерін Алматыға қалдырып кеткен. Түркия азаматтарын, әуе компаниясының қызметкерлерін эвакуациялаған ұшақ тек 11 қаңтарда ғана түрік жеріне қоныпты. 

Айчидің өз қызметкерлерін тастап қашқаны Түркияда наразылық тудырды. Осылайша ол 28 қаңтарда отставкаға кеткен. 

Қазір оқып жатыр

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков

Атырауда оқушылар көшеден тауып алған ақша толы әмиянды полицияға тапсырып, көпшілікті сүйсінтті

Полицей мен балалар