USD
USD
USD

Қаңтар қырғыны: Көз жұмған және жарақат алған балалардың саны жарияланды

Денсаулық сақтау министрлігі қаңтардағы оқиғалар кезінде қайтыс болған және жарақат алған балалардың санын жариялады.

Қаңтар қырғыны: Көз жұмған және жарақат алған балалардың саны жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркиннің айтуынша, төтенше жағдай кезінде барлығы 2 740 адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың ішінде 1 843-сі бірден үйіне жіберілді. Ал ауруханаға жатқызылған 897 адамның ішінде 188 пациент жансақтау бөліміне түскен. Осы уақытқа дейін 898 адам ауруханадан шығарылды.

"Стационарларда алты адам жатыр. Алматыда және Қызылордада үш-үш адамнан, олардың ішінде оқ жарақатын алған бір адам жансақтау бөлімінде", - деді Байсеркин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, үш өңірде кәмелет жасқа толмаған балалар зардап шекті.

"Алматыда екі бала оқтан қаза тапты. Бұдан бөлек, жеті бала оқ жарақатымен ауруханаға түскен. Алматыда – төртеу, Алматы облысында екеу және Жамбыл облысында бір бала", - деп атап өтті Байсеркин.

Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде Алматы облысында бір жүкті әйел газ шашқан кезде зардап шеккен.

Жарақат алған дәрігерлер де бар. Алматыда бес медицина қызметкері зардап шексе, Шымкент қаласында және Алматы облысында бір дәрігер жарақат алды.

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 20 медициналық мекемеге шабуыл жасалған. 32 көлікке зақым келді. Төртеуі жөндеуге келмейді.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ