USD
USD
USD

Қаңтар қырғыны кезінде подполковникті ерекше қатігездікпен өлтіріп кеткен

Қылмыстардың куәгері болуы ықтимал 10 мыңнан астам азаматтан жауап алынған. Қаза тапқан 238 азаматтың арасында қылмыскерлер мен жазықсыз азаматтар бар, деп санайды Бас прокуратура.

Қаңтар қырғыны кезінде подполковникті ерекше қатігездікпен өлтіріп кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қилымжанов өлімнің мән-жайлары анықталғанын, сондай-ақ 167 адамға оның ішінде Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарында қаза тапқан құқық қорғау органдарының 19 қызметкеріне қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. Қызметкерлер қоғамдық тәртіп пен мемлекеттік нысандарды қорғау бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан.

"Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын қорғауға қатысқан қолында қаруы жоқ әскери қызметші - подполковник Хаировты өлтіру кезінде ерекше қатігездік байқалды. Аса зорлықпен өлтіргеннен кейін қылмыскерлер қылмыстың ізін жасыру үшін оның денесін өртеп жіберген. 39 жастағы офицердің артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды", – деп атап өтті Қилымжанов.

Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Атырау қалаларындағы нысандарға жасалған қарулы шабуылдан 92 адам қаза тапқан. Спикердің сөзінше, 5 қаңтарда күндіз қылмыскерлер Алматының аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратын басып алмақ болған, кешке қарулы адамдар осы қаланың бөлімшесінің ғимаратына шабуыл жасаған, алайда көп адамдарынан айырылған. Полиция ғимаратын басып алмақ әрекеті бір тәуліктен астам уақытқа созылған. Олар атыс қарулары мен жарылғыш заттарды қолданған.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков

Астанада сирек кездесетін металдар бойынша өңірлік зерттеу орталығы құрылады

Қасым-Жомарт Тоқаев